Көкшетаудағы Қылшақты өзеніндегі судың деңгейі түсіп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қылшақты өзенінде апатты – құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 наурыз сағат 13:00 жағдай бойынша, өзендегі судың деңгейі 20 см түсіп, 2,3 метрді құрады. Су басқан жерде және Қылшақты өзенінің бойында жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және төтенше жағдайлар бөлімі кезекшілік ұйымдастыруда.

Тұрғын үй кешені мен әлеуметтік нысандарға суды жібермеу мақсатында Қылшақты өзенінің жағасын күзету және тазарту жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта наурыздың 16-да Қылшақты өзені мен Қопа көлінде 855 шаршы метр аумақта 125,4 келі жарылғыш зат пайдаланды», - дейді Ақмола облыстық ТЖД бастығы Алексей Советов.

Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға ТЖД жеке құрамынан 59 адам және 7 техника, 1 жүзу құралы тартылды. Жергілікті атқарушы органдардан 30 адам және 15 техника, ПД 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, бүгін түңгі сағат 03:10 қардың еруіне байланысты Қылшақты өзеніндегі су деңгейі көтерілді. Қазіргі кезде су деңгейі 2,5 метрге жетті, ал қауіпті деңгейі 3,2 метрді құрайды. Осыған байланысты тұрғын үйлерді су алып қалу қауіпі туындады.


Соңғы жаңалықтар