Көкшетаудағы Қылшақты өзені тасыды: Су сору жұмыстары жүргізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан асып, бірқатар тұрғын үйлер мен аулаларды су басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының ТЖД бастығы Алексей Советов журналистермен өткен брифингте атап өткендей, су тасқынынан Вокзал маңы, МПС, №8 орта мектеп маңындағы тұрғын үйлер мен нысандар, тұрғын үй аулаларын су басқан.

«Қауіпті аймақта 600 тұрғын үй орналасқан. Соңғы мәлметтер бойынша, 5 тұрғын үй мен 15 аулаға су кетіп, 16 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгін кешкі сағат сағат 17:00 дейін су сору жұмыстарын аяқтаймыз», - дейді А.Советов.
null

Департамент басшысының мәліметі бойынша, су тасқынына қаншалықты əзірленгенімен наурыздың 31-де жауған қар мен ауа райының күрт жылынуы біраз қиындықтар туғызуда.

«Қазіргі кезде су тасқынына қарсы және залалдарын жою бойынша барлық коммуналдық қызметтердің арнайы техникалары мен ТЖД күші мен құралдары тартылып, тəулік бойы жұмыс істеуде. Оның ішінде ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 3 арнайы техника, жергілікті атқарушы органдардан 13 адам және 10 техника, Көкшетау қалалық ПБ 8 адам және 3 техника, 16 мотопомпа бар», дейді А.Советов.

Еске сала кетсек, осыған дейін хабарлағанымыздай наурыздың 31-де еріген қар суы мен жаңбырдан Ақмола облысының Бурабай ауданында ағын су Кенесары су қоймасындағы судың деңгейі көтерілген. Осының салдарынан су бөгеттің (ұзындығы 30 метр, биіктігі 4 метр) аумағын бұзып кеткен.
null

Соңғы жаңалықтар