+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Көкшетаудағы көпқабатты үйдің қабырғасына Абайдың алып суреті салынды

2020 жылғы 11 тамыз 11:48
Бөлісіңіз:
Көкшетаудағы көпқабатты үйдің қабырғасына Абайдың алып суреті салынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ұлы Абай 175 жылдығына орай Көкшетаудағы Абай көшесінің бойындағы тұрғын үйдің қас бетіне ақынның алып суреті салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Стрит-арт композициясымен әрленген суретте қолына қаламы мен кітабын ұстаған ақын бейнеленген. Суретте ақынның «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінің «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста. Сонда толық боласың елден бөлек» бір шумағы келтірілген.

Портретті жергілікті «Design city» компаниясының суретшілері салды. Сурет нобайының авторы Кәмилә Әбішева, ал оны жүзеге асырған граффитист Ернұр Сәрсекеев.

Қала тұрғындарының айтуынша, стрит-арт суреті қала келбетіне көрік беріп қана қоймайды, оны көрген адамның ұлы ақынның шығармашылық өнеріне қызығушылыған арттырады.

«Абай көшесінің бойындағы тұрғын үйдің қабырғасына ақынның суреті салынғандығы қуантады. Алып суретті көрген адам ақынның шығармашылығымен бірге, еліміздің тарихына да көз жүгіртеді деп сенемін», - дейді қала тұрғыны Гүлназ Нығметжанова.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, Көкшетауда түрғны үйлердің қабырғаларына тарихи тұлғалардың суретін салу қолға алынған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT