Көкшетаудағы кинотеатрда библио-дәмхана ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы кинотеатрда «Кадрдағы кино» жобасы шеңберінде библио-дәмхана ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне сілтеме жасап.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында мәдениетті дамыту, өскелең ұрпақтың бойында шығармашылық, адамгершілік қасиеттер мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру туралы тапсырма берген болатын.
«Аталмыш бағдарлама шеңберінде Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Синема Алем» кинотеатрында «Кадрдағы кино» библио-дәмхана жобасын қолға алды. Мұнда келушілер кино сеансы басталғанша әртүрлі жанрдағы әдеби кітаптарды оқи алады», - дейді Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегілер.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты - өсіп келе жтақан жас ұрпаққа кітап оқуды насихаттау, классикалық және көркем шығармаларға назарын аудару.
«Бұл - ұзақмерзімді жоба. Сондықтан, жоба шеңберінде жыл бойы көптеген іс-шаралар ұйымдастыру жоспарда бар», - деп толықтырды ведомстводан.
- Қосшыда жоғалған 6 жасар қыз табылды
- Көкшетауда 19 жастағы жігіт сауда үйінің терезесінен құлап мерт болды
- Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
- Әзербайжанның Орталық ғылыми кітапханасында «Қазақ әдебиеті апталығы» өтуде
-
Ақмола облысында 9,6 мың адам коронавирусқа қарсы егілді
-
Көкшетауда азаматтық қоғамды дамытудағы блогосфераның рөлі талқыланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам