Көкшетаудағы «Бижан» ет өңдеу кешені жыл басынан бері 236 миллион теңгенің өнімін сатты (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Бижан» ет өңдеу кешені жыл басынан бері 236 миллион теңгенің өнімін сатты. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің аталған кәсіпорында болып, өндіріс жұмысымен танысуы барысында айтылды.

Еске сала кетсек, «Бижан» ет өңдейтін кешенінің бір бөлігі 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кешен ет өңдеумен қатар консерві, шұжық және ет өнімдерін сатумен айналысады.

Кәсіпорында болған өңір басшысы мал соятын, шұжық және консерві жасайтын және тоңазытқыш цехтарын аралап көрді. Қазір қасапханада ауысымына 20-30 бас ірі қара мал сояды. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істегенде бұл көрсеткіш үш есе артады. Жыл басынан бері 236 миллион теңгенің өнімі сатылған. Жұмысшылардың орташа еңбекақысы 80 мың теңгені құрайды. Қазір мұнда Ресейдің Чилябинск қаласынан келген мамандар жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар