Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі: 74 млн теңгенің өнімі саудаға шығарылды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Аршалы, Астрахан, Бұланды, Жарқайың, Жақсы, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Қорғалжын аудандары мен Көкшетау қаласынан барлығы 80-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 74 миллион теңге болатын 71 тоннаға жуық өнім әкелді.

«Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз арзанға сатылды. Соның ішінде 18,5 тонна ет және шұжық өнімі, 2 тонна балық, 3,7 тонна сүт және сүт өнімі, 140 дана жұмыртқа, 2,9 тонна ұн, 16 тонна картоп пен көкөніс және өзге де өнімдер бар», - деді Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан.

Жәрмеңкені арнайы барып көрген Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мәлғаждар Тәткеев азық-түлік бағасы мен сапасына және алуан түрлілігіне аударды.

Сондай-ақ, өңір басшысының орынбасары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кетсек, бұдан бұрын ақмолалық диқандар биыл 5,2 млн гектар жерге дән себуді жоспарлап отырғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар