Көкшетауда жүргізуші жолаушыны қағып, оқиға орнынан қашып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, ақпанның 2-де сағат 16:13 шамасында Көкшетау қаласында Саин көшесінің бойымен жүріп келе жатқан «Volkswagen Passat» көлігінің жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтпек болған 57 жастағы ер адамды қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші полицияға хабарламастан оқиға орнынан ізін суытқан. Ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде «Тұлпар - 10» патрульдік полиция экипажы жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы арқылы «Volkswagen Passat» көлігінің 29 жастағы жүргізушісін «Петропавл-Нұр-Сұлтан» тас жолының бойындағы «Best» жанар-жағар май құю стансасы маңында ұсталды. Белгілі болғандай, 29 жастағы жүргізуші мас күйінде көлік басқарған үшін 2018 жылдың 1 маусымында 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылған», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.



Соңғы жаңалықтар