Көкшетауда «Жомарт жүрек-2019» сыйлық иегерлері марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Жомарт жүрек-2019» сыйлығының 50-ден астам лауреаттары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда өткен шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының бағдарламалық мақаласы қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған. Оның ішінде «Туған жер» жобасы азаматтар мен бизнесмендердің бірлесіп жергілікті жердегі мəселені шешу, жалпыұлттық патриотизмді нығайту бағытында маңызды», - деді А.Мысырәлімова.

Аймақ басшысының орынбасары атап өткендей, аталмыш бағдарлама шеңберінде ақмолалықтар тарапынан көп игі істерге қол жеткізілді. Өңір кәсіпкерлері көптеген әлеуметтік мәселені шешуге атсалысты. Солардың арасында Жарқайың ауданындағы «Жарқайың» ЖШС директоры Виталий Камышанский, Атбасар ауданындағы «Шуйское ХХІ» ЖШС директоры Алтынбек Құрманқұлов республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығына ие болды. Жалпы, облыс бойынша жыл ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 2748 жоба жүзеге асырылған.

Салтанатты шарада «Жомарт жүрек-2019» сыйлығының 50-ден астам лауреаттары түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

Соңғы жаңалықтар