+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Көкшетауда жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйел мерт болды

2020 жылғы 16 қыркүйек 10:48
Бөлісіңіз:
Көкшетауда жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйел мерт болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Toyota Camry» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйелді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда автобустың артына жабысып алған ер адам видеоға түсіп қалды Армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты ҚР СІМ мәлімдемесі Биыл Атырауда 5 жұмысшы мерт болып, 7-еуі ауыр жарақат алған

Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы 13 қыркүйек күні Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне медициналық көмек көрсету қызметінің фельшері хабарлаған.

Фельшердің сөзінше, Уәлиханов көшесіндегі «Новопэк» ЖШС ғимараты тұсында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.

«Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы «Toyota Camry» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйелді қағып кеткенін анықтады. 35 жастағы әйел алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды», - деді ведомстводан.

Полиция мерт болған әйелдің «Новопэк» ЖШС-де жұмыс істегендігін анықтады.

«Қазіргі кезде, жүргізуші Көкшетау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалды», - деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT