Көкшетауда жолаушыларды тегін тасымалдайтын автобус тұрғындарға қызмет көрсетуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ҚР Конституциясы күніне орай Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар ресурстық орталығы және "Жолаушылар тасымалы" ассоциациясы бірлесіп, "Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!" атты акция ұйымдастырды. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталмыш акция барысында қалаішілік жолаушылар тасымалдайтын 110 бағыттағы шағынавтобус безендіріліп, тұрғындарға қызмет көрсету мақсатында сапарға шықты. Түрлі-түсті етіп, безендірілген қоғамдық көлік күні бойы тұрғындарға тегін қызмет көрсетуде. Облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері осынау көлікке отырған жолаушыларды мерекемен құттықтауда.

Сонымен қатар, жолаушылар арасында ҚР Конституциясының негізгі ұғымдары жөнінде викторина ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар үлестірілуде.

Безендірілген қоғамдық такси кешке дейін тұрғындарға қызмет көрсетпекші.

Соңғы жаңалықтар