Көкшетауда жол апатынан 4 адам зардап шекті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға желтоқсанның 11-де сағат 01:20 шамасында орын алған.

Теміржол вокзалы маңында Абай көшесінің бойымен жүріп келе жатқан «Chevrolet Malibu» көлігі алдындағы көлікті басып озбақ болып, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «Mercedes-Benz» көлігіне соқтығысқан. Жол апатынан екі көліктің жүргізушісі мен «Chevrolet Malibu» көлігінің екі жолаушысы Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі кезде бірнеше адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар