+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Көкшетауда жоғалған мұғалім қаңғыбастар арасынан табылды

2021 жылғы 15 мамыр 12:44
Бөлісіңіз:
Көкшетауда жоғалған мұғалім қаңғыбастар арасынан табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола полицейлері СҚО-лық жоғалған мұғалімді Көкшетау қаласының қараусыз қалған орындарының бірінен белгілі тұрағы жоқ адамдар арасынан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Ведомствоның мәліметінше, ақмолалық полицейлер СҚО-дан Көкшетауға келіп, жоғалып кеткен 32 жастағы мұғалімнің тұрған жерін анықтады.

«Ол Көкшетау қаласындағы қараусыз қалған жерлердің бірінен табылды. Онда ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар арасында түнеп шықты. Ер адам бұл әрекетін түсіндіріп бере алмады. Оған қатысты қандай да бір қылмыс пен құқық бұзушылық жасалмағаны анықталды», - деп атап өтті ведомстводан.

Полицейлер тек жыл басынан бері Ақмола облысында 33 адам жоғалып кеткенін, оның 26-сы іздестірілгенін айтты.

Жалпы облыс аумағында 30 адам іздестірілуде. Бұған еріктілер мен жергілікті тұрғындар жан-жақты көмек көрсетіп отыр.

Еске сала кетейік, 10 мамыр күні сағат 17:17 кезінде Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне СҚО ауылдарының бірінен 53 жастағы тұрғын хабарласып, Көкшетау қаласына кеткен 32 жастағы ұлын іздеуге көмек сұраған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT