Көкшетауда жоғалған кәмелет жасына толмаған студент қыздар аман табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жатақханадан қашып кеткен кәмелет жасынфа толмаған студент қыздар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 19-да сағат 17:38-де Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті колледж директорының орынбасары жүгінген.

Оның айтуынша, бір күн бұрын колледж жатақханасынан 1-курстың екі студенті 17 және 15 жастағы қыздар жоғалып кеткен.

Бұған дейін бұл студенттер жатақханадан өз еркімен шықпаған.

«Жедел-іздестіру шараларына 30-дан астам полиция қызметкері қатысты. Нәтижесінде, жеті сағаттық іздеуден кейін полиция қыздардың қайда екенін анықтай алды. Олар Көкшетау қаласындағы саяжай кооперативтерінің бірінде достарымен болған. Кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді» деп атап өтті ведомстводан.

Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындарға кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларға қауіпсіздік шаралары туралы үнемі түсіндіріп, оларды ұялы байланыс құралдарымен қамтамасыз ету керектігін еске салады.

«Жасөспірімдермен сенімді қарым-қатынас орнату, олардың қарым-қатынас шеңберін білу, жастық мәселелеріне көңіл бөлу, баланың мінез-құлқының өзгеруіне назар аудару керек» деп ескертеді полиция.


Соңғы жаңалықтар