Көкшетауда жоғалған 13 жасар қыздың денесі табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жоғалған 13 жасар қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 тамыз сағат 17:45 кезінде Көкшетау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Краснояр кентінен 5 шақырым жердегі орман алқабынан жоғалған жасөспірім Әйгерім Хайдарованың жерге көмілген денесін тапты» деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетейік, жасөспірім Әйгерім Хайдарова сегіз күннен бері табылмай жатқан болатын.

Осыған байланысты полиция Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Еске сала кетейік, 21 тамызда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жоғалған қыздың анасы жүгінген. Анасының айтуынша, Әйгерім 20 тамыз сағат 15:00 шамасында Нұрлы көш ауылында тұратын үйден шығып, шаштаразға кеткен. Содан қайтып оралмаған, ұялы телефоны өшірулі.

Қызды іздеу жұмыстарына 100-ден астам полиция, 20-дан астам құтқарушы және 30-дан астам Ұлттық гвардия 5510 әскери бөлімінің сарбазы, 350 волонтер жұмылдырылған еді.


Соңғы жаңалықтар