Көкшетауда жер қатынастары саласының қызметкері алаяқтық әрекеті үшін сотталды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Сот Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Асхат Вазировқа қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 10 еселенген келтірілген залалдың сомасы, яғни 10 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

«Вазиров өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен қосымша жер учаскелерін жалға алу құқығын беруге жәрдем көрсету сылтауымен екі кәсіпкерлік субъектісінің өкілінен жалпы сомасы 1 000 000 теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», - деді ведомстводан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, Ақмола облысында жер қатынастары саласының қызметкері алаяқтық күдігіне ілінген болатын.



Соңғы жаңалықтар