Көкшетауда жер аударылған немістер туралы фильм көрсетілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда неміс режиссері Борис Шварцманның  «Закрытая тема» жəне «Дороги Эрвина Иммекуса» фильмдері көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фильм Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы облыстық «Видергебурт»  неміс қауымдастығының қолдауымен көрсетіліп отыр. Қос фильмде де соғыс, депортация сияқты қиын кезінде жер аударылған немістердің тағдыры суреттелген.

«Депортация кезінде көптеген ұлттардың қатарында немістерде Қазақстаннан пана тапты. Сол қиын кезеңде қазақ халқы тағдыр тәлкегіне тап болған адамдарды далада қалдырған жоқ», - деп атап өтті Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов.

Туындыны түсіруге Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінің мәдениет және ғылым министрлігі ұйытқы болған. Жоба «Dem Anderen  endgegen» деп аталады. Ондағы мақсат «орыс немістерінің» тарихын, қиын жолдарын келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру.

Айта кетейік, фильмнің режиссері Борис Шварцман, продюсері Катя Байль, операторы Иван Котельников және аудармашысы Лев Шварцман. Бұл фильмдер осыған дейін Бурабайдағы «Балдәурен» балалардың сауықтыру орталығында көрсетілген болатын, енді көкшетаулық көрермендерге ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар