+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Көкшетауда жеңіл атлектика манежі пайдалануға берілді

2019 жылғы 13 желтоқсан 15:33
Бөлісіңіз:
Көкшетауда жеңіл атлектика манежі пайдалануға берілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген жеңіл атлетика манежі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңіл атлетика манежінің іргесі сонау 1989 жылы қаланған. Тоқсаныншы жылдардың басында манеж жекенің қолына өткен. Оны мемлекет меншігіне қайтару мәселесі көтерілгеніне де көп уақыт өтті. Нәтижесінде 2018 жылы манеж жоғары спорттық шеберлік мектебінің балансына берілді. Енді міне, еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында есігін айқара ашып отыр. Нысанның ашылуына аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Біз бүгін көріп отырғанымыздай, жеңіл атлетика манежі құлпырып шыға келді. Бұл нысан спортшыларымыздың жеңіл атлетикаға құлшынысын арттырады», - деді аймақ басшысы Е.Маржықпаев.

Нысанның ашылуында аймақ басшысы өңірде жеңіл атлетиканың дамуына елеулі үлес қосқан Әбдрахман Әбдірәшитов, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Ақмола облысының жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы Василий Чуйко және КСРО-ның спорт шебері, Алмагүл Әділовті марапаттады.

Сонымен қатар, өңірде спортты дамытуда азаматтық ұстаным және ынтымақтастық тұрғысынан жауапкершілік танытқан Олег Анисимовқа алғыс білдірлді.

Жаңа нысанда Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарынан келген спортшылардың қатысуымен жарыс өтуде. Онда 2002-2003 жылдар туған 200-ге жуық жасөспірім 60 м, 200 м, 400 м, 800 м, 1 500 м, 3 000 м қашықтыққа жүгіріп, күш сынасуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT