+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Көкшетауда жеңгетайлықпен айналысқан екі әйел ұсталды

2018 жылғы 22 наурыз 04:00
Бөлісіңіз:
Көкшетауда жеңгетайлықпен айналысқан екі әйел ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының екі тұрғыны жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш қылмыстарды тәртіп сақшылары «Стоп трафик» операциясының барысында анықтады. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы бөлімі мен әкімшілік полиция қызметкерлері мен көші-қон қызметінің өкілдері бірқатар рейд шараларын жүргізіп, оның барысында өнеркәсіп нысандары, ауыл шаруашылығы аумақтары, ойын-сауық орындары мен қонақ-үй монша кешендерін тексерген. Жедел уәкілдер адам саудасымен байланысты 6 қылмысты анықтаған. Оның ішінде 2 факті жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеумен, 4 факті жеңгетайлықпен баланысты болып отыр.

Сонымен қатар арнайы операция барысында облыстың Көкшетау, Щучинск, Атбасар және Степногорск сияқты өңірлерінде жеңгетайлықпен айналысу әрекеттері анықталды. Заң бұзушылар қыздарды белгілі бір сомадағы қаржыға интимді қызметпен айналысуға міжбүрлеген. Көрсетілетін қызметтің бағасы 1000-нан 5000-ға дейін барады.

«Қазіргі таңда анықталған барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Айта кететін мәселе аталған заңсыз әрекеттер үшін белгіленетін бап мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады»,-деп қосты ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT