+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Көкшетауда жемқорлықты жырлаған ақындар айтысы өтті

2019 жылғы 11 желтоқсан 14:02
Бөлісіңіз:
Көкшетауда жемқорлықты жырлаған ақындар айтысы өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда «Менің дауысым – бұхараның өз үні» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да пара алған мемлекеттік қызметшіге 8,8 млн теңге айыппұл салынды СҚО-да браконьерлер қабандарды Калашников автоматтарымен атқан СҚО-да экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгілі болды

Айтыс ҚР Тәуелсіздік күніне және ақын, айтыскер, ҚР Айтыскерлер федерациясының тұңғыш президенті Көкен Шәкеевтің 95-жылдығына арналды. Оған Ардакерей Қап (Нұр-Сұлтан қаласы), Аяулым Жұмабек (Алматы қаласы), Нартай Тілеуқұл (Ақтөбе қаласы), Жұмабек Рахым, Жарқын Жұпархан (Петропавл қаласы), Ерлан Дәулет, Құрмет Құралхан (Ақмола облысы), Тоба Өтепбай (Қостанай қаласы), Нұрислам Әбділ, Думан Самат (Көкшетау қаласы) сияқты жас ақын-импровизаторлар қатысты.

Ақындар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, адамның парасаттылық, әділдік, адамгершілік қасиеттерін, сондай-ақ халық ақыны Көкен Шәкеевтің шығармашылығын жырлады.

Жеңімпаздарды Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары, ақын Арман Бердалин, ақын және композитор Иран Тасқара, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі және Көкен Шәкеевтің оқушысы Құдайберлі Мырзабек, Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры, ақын және жазушы Қаратай Төлекеев сияқты қазылар алқасы анықтады. Кешті танымал ақын Мұхаммед Қонқаев жүргізіп отырды.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Ерлан Дәулетке берілсе, бірінші және екінші орындарды Нартай Тілеуқұл мен Аяулым Жұмабек өзара бөлісті. Ал үшінші орынға Думан Самат лайық деп танылды.

Сонымен қатар, Жұмабек Рахым, Құрмет Құралхан, Ардақерей Қап, Тоба Өтепбай, Нұрислам Әбділ және Жарқын Жұпархан Көкшетау қаласы әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен мәлім еткендей, шара Көкшетау қаласы әкімдігінің және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы, Жастар жылы, сондай-ақ «Ақмола-адалдық алаңы» жобасы аясында өткізілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT