Көкшетауда жедел жәрдем қызметінің көлігі жол апатына ұшырады (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Уәлиханов және Сәтпаев көшелерінің қилысар тұсында жедел жәрдем қызметі көлігі мен «Мерседес» жеңіл көлігі соғысты.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, түскі уақыт 12:30 минут шамасында Уәлиханов көшесімен келе жатқан жедел жәрдем қызметі көлігінің алдынан «Мерседес» көлігі атып шыққан. «Қатты соққыдан жедел жәрдем көлігі аударылып ішіндегі дәрігерлер мен 81 жастағы қария және көлік жүргізушісі зардап шекті. Оның ішінде жедел жәрдем қызметі көлігі жүргізушісінің миы шайқалса, фельдшер басынан қатты соққы алып, оң аяғы сынған», дейді дәрігерлер. Ал, «Мерседес» көлігінің жүргізушісі аман. Оқиға орнына дереу жеткен өзге жедел жәрдем қызметі мен куәгерлер аударылып қалған көлікті тұрғызып, жол апатына ұшырағандарға көмек көрсетті. Қазіргі кезде жол патрульдік полициясы жол апатының себебін анықтау үстінде.

Соңғы жаңалықтар