+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Көкшетауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

2020 жылғы 18 қазан 15:10
Бөлісіңіз:
Көкшетауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

КӨКЩЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Зардап шеккендер жоқ, тек көлікке мехникалық залал келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда жүк көлігіне соғылған Toyota Camry жүргізушісі көз жұмды Павлодар облысында көлік жолға шығып кеткен жылқыға соғылды Жол апатынан мерт болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден беріледі

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Уәлиханов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болған.

Жедел жәрдем көлігі мен «Volkswagen Passat» көлігі соқтығысты.

«Соңғы мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзге көліктер оны жіберіп тұрғанына көз жеткізіп алмай, жол бұрылысына шыққан. Енді жүргізушінің кінәлі не кінәсіздігін сот анықтайды» дейді ведомстводан.

Алайда, жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің сөзіне сенсек, ол қызыл түске келген кезде көліктер тоқтап, оған жол берген. Сол кезде өзге көліктердің артынан озып шыққан «Volkswagen Passat» келіп оған соғылған.

Айта кетейік, жедел жәрдем көлігі тырыспасы ұстаған науқасқа шақыру бойынша бара жатқан. Ақмола облыстық жедел жәрдем орталығының бас дәрігері Александр Высоцкийдің айтуынша, мұндай санаттағы науқастарға жедел жету керек.

Аталмыш көлік жол апатына ұшырғандықтан науқасқа өзге бригада жіберілді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT