Көкшетауда жаяу жүргіншілер жолында әйелді көлік қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетауда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Nissan Primera» маркалы автокөліктің иесі Көкшетаудағы Абай көшесімен келе жатып, реттелмеген жаяу жүргіншілер жолында жол бермей, өтіп бара жатқан 50 жастағы әйелді қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел әртүрлі дене жарақаттарымен, сынықтармен Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша ҚР ӘҚБК 610-бабы 2-бөлігі бойынша (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) әкімшілік іс қозғалған. Автокөлік айып тұрағына жеткізілді.

Айта кетсек, автокөліктің автотіркеушісіне түсіп қалған жол-көлік оқиғасы Инстаграмды жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар