Көкшетауда жаяу жүргінші көліктің астына түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жаяу жүргінші көліктің астында түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстовоның мәліметінше, биылғы мамырдың 29-ында Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны, 57 жастағы әйел хабарласып, ағасын көлік қағып кеткенін айтқан.

«Анықталғандай, Toyota Camry автокөлігін басқарған Сандықтау ауылының 19 жастағы тұрғыны Көкшетау қаласында Әуелбеков-Сағадиев көшелерінің қиылысында 51 жастағы ер адамды қағып кетті. Зардап шегуші «сол жақтағы сан және оң жақтағы иық қылтаяқшаларының сынуы» диагнозымен Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осы ретте тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережесін сақтауға және жолда жүргенде абай болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар