+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Көкшетауда жатақханадағы өрттен 120 адам эвакуацияланып, 1 адам мерт болды

2020 жылғы 17 ақпан 12:09
Бөлісіңіз:
Көкшетауда жатақханадағы өрттен 120 адам эвакуацияланып, 1 адам мерт болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жатақхана өртеніп, бір адам көз жұмды. Сондай-ақ, 120 адам (оның 25 бала) эвакуацияланып, 30 адам (оның 14 бала) құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Римнің кардинал-викариясынан коронавирус анықталды Оралда автокөлік блокбекетке соғылды Қытайда орман өртін сөндіру кезінде 19 адам мерт болды

Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдай бүгін түнде, яғни, 17 ақпан күні сағат 02:10 шамасында Назарбаев даңғылындағы 27-ші үйдегі № 401 пәтерде болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 43 қызметкері мен 12 өрт сөндіру техникасы, жедел жәрдем қызметі бригадасының 25 қызметкері мен 9 техникасы, Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобының 15 қызметкері мен 5 техникасы тартылды. 5 қабатты, 85 пәтерлі жатақхананың 4 қабатындағы пәтерден шыққан өрттің аумағы 15 шаршы метрді құрады.

«Өрттен 120 адам (оның 25-і бала) эвакуацияланып, 30 адам (оның 14-і бала) құтқарылды. Өрт сөндірушілер жеткенше, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына 3 адам жеткізілді. Олардың арасында пышақ жарақатын алған 1985 жылғы ер адам ауруханада көз жұмды. Ал, 1981 жылғы әйелдің оң қолында пышақ жарақаты бар, 2000 жылғы әйелге иіс тиген. Соңғысының жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп отыр», дейді ведомстводан.

ТЖД қызметкерлері атап өткендей, сонымен қатар, ыстан уланған 2000 жылғы ер адам (жағдайы орташа ауыр) мен 1963 жылғы әйел (аты - жөні анықталу үстінде, жағдайы өте ауыр) Көкшетау қалалық аурханасына жатқызылды.

Қазіргі кезде өрттің себеп-салдары анықталу үстінде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT