Көкшетауда жасырын казино ұйымдастырған азамат тиісті жазасын алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жасырын казино ұйымдастырып, покер ойының өткізіп келген азамат заң алдында тиісті жазасын алды, деп хабарлады облыстық ЭҚСЖҚД баспасөз қызметінен.

Ақмола облысы бойынша ЭҚСЖҚД қызметкерлерінің тыйым салынған жерлерде ойын-сауық автомат залдарын ұйымдастыру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша тексерісі барысында Көкшетау қаласындағы «Ақ ниет» дәмханасында, кейін «Шаңырақ» мейрамханасында покер ойынына мамандандырылған жасырын казино қызметі анықталды.

Полицейлер ойын-сауық мекемесінің ұйымдастырушысы Ысмағұловты қылмыс үстінде ұстап, одан 2 дана покер ойынына арналған үстел мен 2 дана төсем және 1377 ойын фишкалары мен ақша қаражатын тәркілеген болатын.

Аталған факті бойынша Ысмағұловтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, Көкшетау қалалық сотының үкіміне сәйкес бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (926 000 теңге) төлеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімін орындау және заттай дәлелдемелерді екінші рет айналымға тартуға жол бермеу мақсатында, Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті қызметкерлері, Әділет департамент және Сот актілерін орындау департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, 2 покер ойынына арналған үстелдің, әртүрлі санаттағы 1 377 ойын фишкалары мен дилердің фишкаларын Көкшетау қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонында жойды.

Сонымен қатар, жедел-іздестіру шаралары барысында тәркіленген жалған акциздік маркалар мен 4000 жәшік көлемінде алкоголь өнімі де жойылды.

Соңғы жаңалықтар