Көкшетауда жасөспірімдер көпқабатты үйдің шатырында фотосессия жасаған

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жасөспірімдер көпқабатты үйдің шатырына шығып, суретке түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биік ғимараттың шатырында серуен құрып жүрген жасөспірімдердің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр. Видео авторы ата-аналарды балаларын бақылауда ұстауға шақырады. «Үйдің шатырының айналасындағы қоршау да өте аласа – тізеден төмен екенін көріп отырсыздар», - дейді ол.

Желі қолданушыларының қалдырған жазбаларына қарағанда үйлердің шатырына шығуға еш тосқауыл жоқ. Люктер үнемі ашық, бақылаусыз.



«Желідегі видео зерттелді. Осы бойынша полиция қызметкерлері аталмыш тұрғын үйде болды. Анықталғандай, шатырға шығатын люк ашық болған, жасөспірімдер сол жерден шыққан. Тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін ұйыммен жүргізілген жұмыстан кейін, люкке құлып орнатылды. Кәмелетке толмағандардың кім екенін анықтау бойынша іс-шара қолға алынды. Аталмыш үйдің тұрғындарымен профилактикалық әңгіме өткізілді», - деп түсіндірді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында болған қайғылы оқиға туралы жазған едік. Екі жасар бала далада тұрған дәретханаға құлап, көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар