Көкшетауда жасөспірімдер арасында суда жүзуден ҚР чемпионаты өтіп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 2005 және одан кейінгі жылдары туылған ұлдар мен қыздар арасында «Бурабай» інжу маржаны» суда жүзуден ҚР чемпионаты өтіп жатыр.

«Бурабай» спорт сарайында ұйымдастырылып жатқан спорттық сайысқа Көкшетау қаласындағы олимпиадалық резервтерді дайындайтын нөмір 4-ші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Степногордағы «Бөгембай батыр» атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты, Ақкөл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және «Бурабай» спорт сарайында тәлім-тәрбие алатын жасөспірімдерден құралған және еліміздің әр облысынан келген барлығы 20 команда қатысып, бақтарын сынауда.

Сайыс еркін, брасс, баттерфляй әдісі бойынша түрлі қашықтыққа жүзу арқылы өтуде.

Соңғы жаңалықтар