Көкшетауда жасанды тыныс алдыратын аппарат шығарылуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаудағы «Тыныс» АҚ зауыты жасанды тыныс алдыратын аппарат шығаруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, қазіргі кезде зауыт алғашқы «Көкшетау-4» өкпеге жасанды тыныс беру аппараттарын облыстағы медициналық мекемелерге таратқан.

«Зауытта осыған дейін шығарылып, дайын тұрған 17 аппаратты облыстағы медициналық мекемелерге бердік. Тағы 50 дана аппарат шығарылуда. Жалпы, бүгінгі күнге дейін 300 дана «Көкшетау-4» өкпені жасанды тыныс алдыратын аппаратқа сұраныс түсті. Зауыттың айына осындай 20-30 дана аппарат шығаруға мүмкіндігі бар. Тек, кейбір қажетті материалдарды сырттан алдыртамыз. Сол біраз қиындық туғызып отыр», - деді зауыттың сату және өткізу бөлімінің басшысы Айбек Қабиев.

Сонымен қатар, кәсіпорын тәулігіне 6-7 мың дана медициналық маска тігуде. Бүгінгі күні барлығы 35 мың дана маска шығарылған.

Соңғы жаңалықтар