Көкшетауда жас өрт сөндірушілердің халықаралық слеті өтіп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 1-ші халықаралық өрт сөндірушілер слеті өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шілденің 15-19 аралығында өтетін слетке еліміздің қалалары мен облыстарының 14 команда және Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен келген шетелдік командалар қатысуда. Жеңімпаздар «Таныстыру», «Өрт сөндіру эстафетасы», «Newspaper-Billboard», «Алғашқы көмек көрсету», «Техногенді апат аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары», «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Су акваторийлеріндегі құтқару жұмыстары» кезеңдер бойынша анықталатын болады.


Тәуелсіздік алаңында өткен шараның ашылуы рәсіміне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен келген делегация басшылары қатысты. Жиналғандарды Ақмола облысы әкімі Е.Маржықпаевтың атынан 1-ші халықаралық жас құтқарушы-өрт сөндірушілер слетінің ашылуымен облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова құттықтады.


«Соңғы кезде өңір жастарының арасында өндіруші мамандығына деген қызығушылық артып келеді. Жыл сайын Ақмола облысының құтқарушылары көптеген адамдарды табиғат апаттарынан құтқарып, өмірлеріне араша түсуде. Бүгінгі слет келешек өрт сөндірушілерді тәрбиелеуде маңызы зор» - деді Айна Мысырәлімова.

Шарада аталып өтілгендей, мұндағы басты мақсат - балалардың бойында қауіпсіздік мәдениетін тәрбиелеу, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының беделін арттыру, жұмыс тәжірибелерімен алмасу болып табылады.




Соңғы жаңалықтар