Көкшетауда жас ақындар айтысы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбымен жас ақындар арасында айтыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Достар» мәдениет сарайында ұйымдастырылған айтыстың мақсаты - қазақ халық ауыз өнерін дамыту, жас ақындардың шығармашылық бастамаларын қолдау, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу.

Жыр додасында ақындар еліміздің егемендік жылдарындағы жетістіктері мен табыстарын, саяси тұрақтылықты, достықты, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін жырлады.

Айтысқа ақын Арман Бердалин, Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесінің жетекшісі, ақын Қуаныш Оспан, «Көкшетау» газетінің бас редакторы, ақын, жазушы Серік Жетпісқалиев қазылық етті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Көкшетаулық жас ақын Нұрмахан Жақыпбек жеңіп алды.

«Жыр сайысына қатысып, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Айтыскерлердің әрқайсысы шеберлік пен импровизацияның жоғары деңгейін көрсетті. Шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді», - деді Нұрмахан Жақыпбек.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар