+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Көкшетауда жарты млн теңгеге жуық ақша ұрлаған зейнеткер ұсталды

2019 жылғы 7 қазан 21:53
Бөлісіңіз:
Көкшетауда жарты млн теңгеге жуық ақша ұрлаған зейнеткер ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында біреудің банк карточкасы мен жарты миллион теңгеге жуық ақшасын ұрлаған 61 жастағы қария ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада тұрғын үйлердегі өрт сөндіру құралдарын ұрлаған күдікті іздестірілуде Ақмола облысында 90 тонна астық ұрланды Петропавлда бірнеше дүкенді тонаған күдікті ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, ұрлық қазанның 4-де орталық базардағы сауда үйлерінің бірінде болған. Арызданушы 37 жастағы әйелдің сөзінше, белгісіз біреу оның банк карточкасы мен 400 мың теңгеден астам ақша салынған әмиянын ұрлаған.

«Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы сауда үйінің іші-сыртында орнатылған бейнебақылау камерасын, Жедел басқару орталығындағы камера жазбаларын тексерді», - дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, тергеу амалдары нәтижесінде Зеренді ауданындағы ауылдардың бірінен келген 61 жастағы қарт әйел анықталып, одан заттай айғақтар тәркіленді.

Осыған орай полиция қызметкерлері тұрғындарға өз мүлкін қорғауда сақ болуға шақырады. Ұрлық болған кезде бірден полицияға хабарласу қажет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT