Көкшетауда жаратылыс тану-математика бағытындағы пәндерден республикалық олимпиада басталды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетауда жаратылыс тану-математика бағытындағы пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.

«Көкшетау» мәдениет сарайында өткен шараға облыс әкімі Сергей Кулагин қатысып, олимпиадаға келген оқушыларды құттықтады.

Сонымен қатар, шара барысында өңірдегі мектептердің оқушылары мен колледж студенттерінің қолымен жасалған түрлі инновациялық жобалардың көрмесі де ұйымдастырылды.

Жоспар бойынша олимпиада 5 күнге жалғасады. Осы аралықта еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қаласынан келген барлығы 735 оқушы математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша өз білімдерін сынайтын болады.

null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар