Көкшетауда жанар-жағар май қалдығы құйылған автоцистерна аударылып қалды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жанар-жағар май қалдығы құйылған автоцистерна аударылып қалды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Келеңсіз жағдай өткен түнде сағат 00:00 шамасында Көкшетау қаласындағы Шағалалы көшесінің бойында орын алған. Аударылып қалған «Зил» автоцистернасынан 500 литр жанар-жағар май қалдығы төгілген. Зардап шеккендер жоқ. Тек сол маңдағы үйлердің бірінде тұратын бір бала дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді», деп көрсетілген хабарламада.
null null null

Соңғы жаңалықтар