Көкшетауда жаңа туған Əли домбыралы болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы Ақмола облыстық перинаталдық орталығында Ұлттық домбыра күні бірінші болып, дүниеге есігін ашқан сәбидің ата-анасына домбыра сыйға тарту етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқы Ақмола облысы ассамблеясы ұйымдастырған шараның басты мақсатты, ұлттық құндылығымызды дәріптеу арқылы қазақ халқының басты музыкалық аспабы домбыраны насихаттап, келешек ұрпақ үшін мұра ретінде қалдыру.

nullШара барысында Қазақстан халқы Ақмола облысы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов бүгін бірінші болып туған ұл баланың анасы, көкшетаулық Əсем Несіпаеваға ҚХА белгісі бар ұлттық аспап домбыраны сыйға тартты.

null«Нəресте бүгін түнгі сағат 01:00 дүниеге келген. Бойы 54 сантиметр, салмағы 4,8 келі. Ата-анасы ұлдарына Əли деп ат қойды. Бүгін бұл перзентханада барлығы 4 нəресте дүние есігін ашты»,- деп түсіндірді Ақмола облыстық перинаталдық орталығының дəргерлері.

Соңғы жаңалықтар