Көкшетауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Сарыарқа» шағын ауданында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды.

Шараға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысты.

Стратегиялық маңызды нысан заманауи жабдықтармен және халықаралық стандарттарға сай техникалармен жабдықталған. Депо қызметкерлері үшін ыңғайлы қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар қарастырылып, жұмыс пен демалыс үшін оңтайлы жағдайлар жасалған. Ғимарат аумағында оқу-жаттығу мұнарасы, спорт алаңы бар. Өрт сөндіру депосында 140 жаңа жұмыс орны ашылған. Тәулігіне 25 адам жауынгерлік кезекшілікте тұрады. Бұл Ақмола облысындағы төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін төртінші жаңа өрт сөндіру депосы.

Шара барысында құттықтау сөй сөйлеген Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жаңа депоның ашылуы  өрт сөндіру бөлімшелерінің жеделдігі мен ұтқырлығын арттыруға және материалдық залал мен адам шығынын қысқартуға айтарлықтай мүмкіндіктер беретінін айтса, Нұрлан Нұркенов қала инфрақұрылымының дамуы мен тұрғындары санының артуына байланысты мемлекеттің басты басымдықтарының бірі азаматтардың қауіпсіздігі, сондай-ақ, төтенше жағдайларды ескерту мен салдарларын жою болып табылатындығын атап өтті. Өрт сөндіру қызметінің ардагері Сапарғали Асылбеков те жаңа нысанның ашылуымен құттықтай келіп, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

кокшетау кокшетау кокшетау кокшетау кокшетау кокшетау  

Соңғы жаңалықтар