Көкшетауда жалпыұлттық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының съезі алдында өткізілген шарада партияның «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Құтты мекен» және «Ауыл ел бесігі» атты төрт жалпыұлттық жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев қатысты.

Жиында сөз алған «Nur Otan» партиясының Біржан сал аумақтық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ермек Нұғымановтың айтуынша, «Ауыл ел бесігі» партиялық жобасы шеңберінде «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 3 жыл ішінде ауданда 88 адамбизнеспен айналысу үшін шағын несие алған.

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ауданға 35 жас маман келген. Бұл жас мамандардың барлығына көрме жаәрдемақы және баспана сатып алуы үшін бюджеттік несие ретінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Медициналық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 5 студенттің оқу үшін 2 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.
null

Ал, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасына келетін болсақ, «Nur Otan» партиясының Шортанды аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмедия Қожасейітов атап өткендей, ауданда 11 отбасына жалпы соммасы 1 893 000 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген. Жоба қолға алынған аз уақыттың ішінде Шортанды аумақтық партия филиалы мен бастауыш партия ұйымдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қыруар жұмыс тындырып отыр. Жалпы, қоғамдық қабылдауға көп балалы 18 ана жүгініп, 23 өтініш қаралды, оның ішінде 9 өтініш оң шешімін тапты.

«Материалдық көмек көрсету мәселесі өзекті болып отыр. Осыған орай, ағымдағы жылдың наурыз айында Наурыз Challenge шеңберінде қайырымдылық шаралар, жәрмеңкелер, акциялар өтіп, көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға меценаттар, кәсіпкерлер, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары барып, көмек көрсетті. Осының арқасында 251 отбасыға барлығы 2,3 миллон теңгенің көлемінде қажетті азық-түлік, киім-кешек, көмір сатып әперілді», дейді Ахмедия Қожамсейітов.

«Құтты мекен» жобасы бойынша Жақсы ауданында биылғы жылы 27 пәтерлі тұрғын салу жоспарланып отыр. Бұл үйлерге әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар қоныстанатын болады. Жақыс селосында келер 2020 жылы тағы 27 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қолға алу жоспарда бар.

Партияның аумақтық филиалдарында «Халыққа көмек» жобасы да ойдағыдай жүзеге асырылуда. Тұрғындар түйіткілді мәселелерін қоғамдық қабылдау арқылы ғана емес, әлеуметтік желі арқылы жеткізе алады.

Осы орайда, еліміздегі ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші, «Заречный» ЖШС директоры, Есіл ауданының құрметті азаматы, ҚР білім саласының үздігі, меценат, «Үздік адам» халықаралық энциклопедиясына енген Уәлихан Әріпов жоғарыда аталған әлеуметтік жобалардың біразын өз ауылында сәтті жүзеге асырып отырғаны баршаға аян. Сол себепті, ол партияластарын осы жобаға белсенді қатысуға, сондай-ақ, алдағы ҚР Президентінің сайлауында белсенділік танытуға шақырды.

Конференция соңында «Nur Otan» кезектен тыс съезіне қатысатын делегаттар сайланды.
null

Соңғы жаңалықтар