+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Көкшетауда жалғыз басты қарияларға түскі ас үйлеріне жеткізілуде

2020 жылғы 4 сәуір 23:33
Бөлісіңіз:
Көкшетауда жалғыз басты қарияларға түскі ас үйлеріне жеткізілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда «Biz birgemiz» акциясы шеңберінде жалғыз басты қарияларға түскі ыстық ас үйлеріне жеткізіліп жатыр. Бұл туралы Көкшетау қаласы әкімдігінің инстаграм парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясын жүзеге асыруға Nur Otan партиясымен бірге, Nomad MMA республикалық федерациясы да атсалысуда.

«Сәуірдің 3-нен бастап Көкшетау қаласында жалғыс тұратын қарияларға (80 жастан асқан) ыстық түскі ас үйлеріне жеткізілуде. Тағамды арнайы дайындықтан өткен адамдар жеткізіп береді. Олардың әрқайсысымен жеке келісім жасалған. Онда персоналдық жауапкершілік пен сантиралық нормаларды қамтамасыз ету нұсқаулығы толық көрсетілген», - дейді ведомстводан.

«Біз карантин кезінде әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын егде жастағы адамдармен жұмыс істеудеміз. Біз тұрғанда олар жалғыз болмайды. Біз оларға қамқорлық көрсетеміз», - деп атап өтті Nomad MMA федерациясының президенті Гаджи Гаджиев.

Қариялардың үйлеріне бармас бұрын әр курьердің денсаулығы тексеріліп, дезинфекциялаудан өтеді. Оларға санитарлық нормалар мен ережелерге сай эпидемияға қарсы киім, көзілдірік, қолғап беріледі. Бұл үшін бөлек қаржы қарастырылған.

«Курьерлер денсаулығына байланысты біреудің көмегіне мұқтаж, тағдырдың тәлкегіне түскен қарттардың үйлеріне барады. Біз көкшетаулықтарды қайырымды іске атсалысып, #bizbirgemiz акциясын қолдауға шақырамыз», - деп толықтырды Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT