Көкшетауда жалған полицейлер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда өздерін полиция қызметкері деп таныстырған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, наурыздың 30-да Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне Әуезов көшесінің бойында тұратын тұрғын хабарласып, үй аумағында формадағы полиция қызметкерлері медициналық маскасыз және арнайы қолғапсыз жүргенін айтқан. Қала тұрғынына олардың жүрісі күдік туғызған.

«Аталған мекенжайға барған полиция қызметкерлері «әріптестерін» анықтау үшін облыс орталығындағы ПБ жеткізді. Анықталғандай, 34 жастағы күдікті Зеренді ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғыны болып шықты. Ол ақпан айында таныстары арқылы «халық елшісімен» танысқан. Кейін ер адам оған полиция формасын беріп, оның қызметке тағайындалғаны туралы бұйрық шыққанын айтып сендірген. Осы кезде 35 жастағы күдікті «пациентінің» өгей әкесімен сөйлесіп, қызметтік пәтер алып беруге уәде еткен. Ол құжаттарды тездетіп рәсімдеу үшін 400 мың теңге ақша сұраған. Оған сеніп қалған ер адам алаяқтың сұраған ақшасын қолына ұстата салған», - дейді ведомстводан.

Белгілі болғандай, ер адам психиатриялық диспансерде есепте болған. Ал, күдікті ер адам мен әйел полиция формасын киіп алып, түнде қала көшелерін аралаған.


Соңғы жаңалықтар