Көкшетауда жалған құжаттар жасап, ақша жымқырған бас есепші шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жалған құжаттар жасап, ақша жымқырған "Оқу өндірістік кәсіпорыны" МКҚК бас есепшісінің үстінен қозғалған тергеу жұмыстары аяқталып, Көкшетау қалалық соттының шешімімен шарты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық ЭҚСЖҚКД баспасөз қызметінен.

Қаржы полициясы жүргізген тергеу амалдары барысында 2013 жылдың қаңтарынан тамызына дейін Ж. Нұрмағанбетова "Оқу өндірістік кәсіпорыны" МКҚК бас есепшісі бола тұра жалған құжаттар жасап, өзіне сеніп тапсырылған ақшаны арам ойымен өз мүддесін пайдаланғаны анықталды. Нәтижесінде ол мемлекетке 2 миллион тенгеден астам шығын әкелген. Тергеу амалдары барысында барлық шығын толығымен қайтарылды.

Көкшетау қалалық сотының шешімімен Ж. Нұрмағанбетова ҚР ҚК 176-бабының 3 бөлімі (Сеніп тапсырылған біреудің мүлкін талан-таражға салу) және 325-бабы (жалған құжаттар жасап, пайдалану) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табылып, шарты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар