Көкшетауда зейнеткерді тонаған қалалық су арнасының жалған қызметкері қолға түсті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Көкшетауда зейнеткерді алаяқтық жолмен тонаған қалалық су арнасының жалған қызметкері құрықталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Күдікті зейнеткердің үйіне қалалық су арнасының қызметкерімін деп кіріп, қарияның көзі тайған кезде 130 мың теңгесін жымқырып кеткен. Зейнеткер бейтаныс адам кеткеннен кейін ғана ақшасының қолды болғанын білген.

Кейін құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті 31 жасар СҚО облысының тұрғыны ұсталып, оның осыған дейін де ҚР ҚК 175 бабының 2 бөлімі (тонаушылық) бойынша сотты болғаны анықталды.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 175 бабының 1 бөлімі (тонаушылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар