Көкшетауда заңсыз берілген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда прокуратураның араласуымен заңсыз берілген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласының прокуратурасы тұрақты негізде жер заңнамасының сақталуына тексеріп отырады. Осы ретте, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес аталмыш тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және пайдалануға берілмеген жер учаскелерін ұсыну немесе жалға алу құқығын беру аукцион арқылы жүзеге асырылады.

«Тексеріс барысында Көкшетау қаласы әкімдігі аукцион жүргізбестен кіреберіс жолдарға қызмет көрсету үшін 94,6 га аумағымен жер учаскесіне уақытша өтеулі пайдалану құқығын бергені анықталды. Көкшетау қалалық прокуратурасымен уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде кадастрлық құны 223 миллион теңгеден астам жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деді Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, Ақмолада 50 млн теңгені жымқырған құрылыс басқармасы бастығының орынбасары сотталды.


Соңғы жаңалықтар