Көкшетауда заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, бүгін аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасында болып, жаңадан ашылған компьютерлік томография кабинетін аралап көрді. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

«Бұл Көкшетау қаласы үшін елеулі оқиға. Елбасымыз медициналық қызмет көрсету сапасына үлкен назар аударып келді, ол халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Бас дәрігер Банужан Жанғаловтың сөзінше, аталған компьютерлік томография көрсету ашықтылығымен, 4 өлшемді зерттеулерді орындауымен және аз сәуле жүктемесімен ерекшеленеді. Күніне 20-25 зерттеу жүргізу жоспарлануда. Кабинет сағат 8-ден бастап сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жоғары сапалы томографияны қолдану, инсульт, тыныс алу, қан айналымы жүйесінің аурулары, ас қорыту ағзалары тәрізді дерттерге ерте диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік диагностика жасау, тегін медициналық көмекке кепілдік берілетін көлемнің аясында, сондай-ақ, ақылы негізде жүзеге асырылатын болады. Құны, қажетті зерттеу жүргізу түріне қарай 10 000 теңгеден 25 000 теңгеге дейін құрайды.

Айта кетейік, қалалық көпбейінді аурухананың үш қабатты ғимаратына 2018 жылы 55 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражатының есебінен құны 58,6 миллион теңге тұратын рентген жабдығын жеткізу жоспарлануда. Биыл Ақмола облысы бойынша медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуы көрсеткіші 2018 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқан.

Атап айтқанда, 2019 жылы жергілікті бюджет қаражатының есебінен денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық жабдықталуы үшін 1,5 миллиард теңге қарастырылып отыр.

null

Соңғы жаңалықтар