Көкшетауда ыстан уланған әже 2 немересімен көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйде тұратын бүтін бір отбасы ыстан уланып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД қызметкерлері берген мәліметтерге қарағанда, қайғылы оқиға 16 қыркүйекте кешкі сағат 21:40-те Көкшетау қаласы Қуанышев көшесінің бойындағы жекеменшік тұрғын үйде болған.

«Көз жұмғандардың бірі 1962 жылғы əйел болса, екеуі 2009 жəне 2016 жылы туған балалар. Осы оқиғадан зардап шеккен тағы бір кішкентай қыз атасымен бірге ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

.

Соңғы жаңалықтар