Көкшетауда велосипедшілердің киім үлгілері таныстырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетауда Астана қаласының 20 жылдығына орай велосипед спортынан Ақмола облысының ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жарысқа өңірдегі ең үздік деген велошабандоздар қатысты. 

Осы ретте, облыс әкімінің орынбасары Василий Крылов пен велоспорт спортына демеушілік танытып жүрген азаматтар Көкшетау қаласындағы олимпиадалық резервтер даярлайтын облыстық мамандандырылған №7 балалар мен жасөспірімдердің мектеп-интернатының тəрбиленушілеріне 10 спорттық велосипед, 70 дана киім үлгілері жəне өзге де спорттық құрал-жабдықтарды сыйға тартты.
null

Сонымен қатар жарыс шеңберінде велосипед спорты бойынша облыс құрамасының киімі таныстырылды.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Əсет Бүкібаевтың сөзінше, осы киіммен облыстың велошабандоздары республикалық жарыстарға қатысатын болады.

«Облыс əкімдігіне, велосипед спорты федерациясының президенті Сергей Смирновқа жəне демеушілерге спортшылар атынан алғыс білдіремін. Бұл киімдер біздің көңілімізден шықты», деп атап өтті триатлоннан халықаралық дəрежедегі спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі Оксана Грот.

Соңғы жаңалықтар