Көкшетауда «Ваз-21074» көлігінің жүргізушісі мектепке бара жатқан үш оқушыны қағып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Ваз-21074» көлігінің жүргізушісі мектепке бара үш бірдей оқушыны қағып кетті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, келеңсіз жағдай облыс орталығындағы №12 орта мектептің маңында орын алған. Жолдың жаяулар жүретін жерінен өтіп бара жатқан 8-10 жас аралығындағы үш баланы «Ваз-21074» көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсі жанғанына қарамастан, қағып өткен.

Зардап шеккен үш оқушы да түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі көлік иесін жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр.

Соңғы жаңалықтар