Көкшетауда «ВАЗ-21061» көлігі 36 жастағы әйелді қағып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 36 жастағы әйел «ВАЗ-21061» көлігінің астына түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 19 қараша күні облыс орталығындағы Абай көшесінің бойында орын алған.

«Жолдың рұқсат етілмеген жерінен қиып өтпек болған 36 жастағы әйелді «ВАЗ-21061» көлігі қағып кеткен.

Осының салдарынан әйелдің он жақ жамбас сүйегі сынып, ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде, аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тексеріс жүргізілуде. Әзірге, 31 жастағы көлік жүргізушісі оқиға кезінде сау болғаны анықталып отыр», - дейді полицейлер.

Еске сала кетсек, Ақмола облысы бойынша соңғы бір тәуліктің ішінде барлығы 3 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 1 адам көз жұмып, 3 адам жапа шегіп отыр.

Соңғы жаңалықтар