Көкшетауда ұйымдастырылған жастардың ақпараттық «I love KZ» кездесуіне 130-ға жуық адам қатысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында ұйымдастырылған жастардың ақпараттық «I love KZ» кездесуіне 130-ға жуық адам қатысты.

Бұл туралы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлады.

Жастардың бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыруға және мәдени құндылықтарды сақтауға бағытталған тағылымды кездесуге қатысқан адамдардың арасында жастар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, әр түрлі мемлекеттік бағдарламалардың шәкіртақы алушылары, халықаралық форумдардың қатысушылары және қала жастары болды. Жүздесу барысында EXPO-2015 MILANO қатысушысы Айнұр Болатова өзінің осы шарадан алған әсерін, алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Кездесу «Көкшетау «Альянс студенттерінің» корпоративтік қорының ұйымдастырумен жүзеге асты. «Осындай шаралар жастар үшін үлкен серпіліс береді, өмірде дұрыс жолын таңдауға бағытталады»- дейді Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Тимур Ысқақов.

Соңғы жаңалықтар