Көкшетауда ұйымдастырылған жәрмеңкеде 97,1 миллион теңгенің азық-түлік өнімдері сатылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінде 97,1 миллион теңгенің азық-түлік өнімдері сатылды.

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек, бүгін Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңы мен «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында Бұланды, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандары және облыс орталығы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен арзан азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын.

Жәрмеңкеге барлығы 60 жуық азық-түлік түлік өнімдері жеткізілді.

Оның ішінде 80 тоннадан астам ет пен шұжық, 3 тонна балық, 11,3 мың дана жұмыртқа, 10 тонна ұн мен макарон, 37 тонна картоп, 33,3 тонна көкөніс, 10,5 тонна қант, 5,5 мың литр күнбағыс майы, 5,7 тоннадан астам сүт тәрізді өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері бар.

Жәрмеңке барысында барлығы 97,1 миллион теңгенің 334,8 тонна азық-түлік өнімдері сатылды.

Соңғы жаңалықтар