+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО)

2014 жылғы 21 наурыз 16:12
Бөлісіңіз:
Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ұлыстың ұлы күні Көкшетау каласының орталық алаңына жиналған жұрт халқымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын насихаттайтын ұлттық ойындармен қатар көптеген түрлі ұлт өкілдерінің орындауындағы мәдени шараларды да тамашалады.

Соның ішінде әсіресе, Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жанындағы "Облыстық жастар ресурстық орталығы" КММ ұйымдастырылған "Бауырсақ-шоу" бағдарламасы мерекенің көрігін кыздыра түсті.

Бағдарлама үш кезең бойынша өтті. Мерекені атап өтуге жиналған жұртшылық алғашқы кезеңдегі "Дәмді бауырсақ" сайысында бауырсақты жылдам жеуден жарысса, екінші кезеңде "Сізге тілеймін" атты ең әдемі мерекелік құттықтау сөз бен тілектерді білдіруден өзара сайысқа түсті. Ал, үшінші кезеңде "Айтыс батл" яғни, ұлттық мақал-мәтелдер айтудан сайыс өтті.

Сайыс соңында қатысушыларға түрлі сыйлықтар беріліп, бауырсақтар мен тәттілер үлестірілді.
Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО) Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО)Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО)
Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО)Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО) Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО)Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО)Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО)
Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО)Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО)
Көкшетауда ұйымдастырылған «Бауырсақ-шоу» мерекенің көрігін кыздыра түсті (ВИДЕО)

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT