Көкшетауда үйлердің қабырғаларына тарихи тұлғалардың суреттері салынуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда бір-біріне сырт келбеті ұқсас көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғалары стрит-арт композициясымен әрленуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, дәл қазір 6 композицияның нобайы бекітіліп, екі көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына ат үстіндегі Абылай хан мен қазақтың көрнекіт ғалымы Шоқан Уәлихановтың суреттерін салынуда. Тамыз айының соңына дейін 21 ғимаратта осындай стрит арт композициясы пайда болады. Онда сақ стилі сияқты тарихи суреттерді салу жоспарланған.

«Стрит-арт көшедегі сурет болғанымен, бұл үлкен өнер. Алып, суреттерді көрген адам өнерді бағалап қана қоймайды, тарихымызға да көз жүгіртеді», - дейді «Дизайн сити» жарнамалық агенттігінің жетекшісі Олжас Әбуов.

Айта кетейік, биыл күзде Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының 17-ші форумын өткізу жоспарланған. Осыған орай, қалада дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.



Соңғы жаңалықтар